-A A +A

ҚР Парламент Мәжіліс депутаттарымен кездесу

28 қыркүйек күні Өскемен қаласының Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжіліс депутаттары Нұрлан Абдиров, Светлана Бычкова, Арман Кожахметов, Снежана Имашева және Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Ерлан Дауылбаевтың, Шығыс Қазақстан облысы судьяларының, ішкі істер бөлімі өкілдерінің, прокурорлардың сондай-ақ мүдделі органдардың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында депутаттармен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген өзгерістер тыңдалды. Депутаттар қолданыстағы заңнамаларға егізілетін өзгерістердің дайындалған нұсқасын судьялардың назарына жеткізді.

Кездесу уақытында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Абдиров Парламенттің, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ сот корпусының тек бірлескен әрі сындарлы жұмысы қойылған міндеттерді орындау арқылы қол жеткізуге мүмкін екендігін,  сондай-ақ мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаевттың алға қойған міндеттерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңның қатаң орындалуы және қоғамдағы тәртіпті нығайту болып келетіндігін айтып өтті.

Кездесу  конструктивті өтті, қатысушылардың  пікірлері мен  қарсылықтары тыңдалды.

Іс-шарадан кейін Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетті мүшелері және Әділет департаментінің басшысы Шығыс Қазақстан облыстық сотына барды.

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков, өңірдегі соттардың жұмыс басымдықтарының бірі халықтың сенімінің артыуы, бітімгершілік рәсімдердің өсуі, ақпараттық технологиялардың және сот талқылауының  ашықтығы екенін баяндап өтті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі