-A A +A

ҚР «Прокуратура туралы» жаңа заңын түсіндіру бойынша семинар

14 шілде Шығыс Қазақстан облысы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Әділет департаментінің мамандарына жанадан қабылданған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру.

Семинар барысында бөлім басшысы Таслима Сметова аталмыш заң жобасында жоғарғы қадағалаудың шегі мен нысаны, қызметтің негізгі бағыттары, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің әрекетіне қадағалау жүргізудің жиектері белгіленгені сонымен бірге наразылық келтіруге жатпайтын құқықтық актілер көрсетіліп, прокурорлық қадағалау актілерін қабылдаудың салдары анықталғаны айтылды. Енді қадағалау актілерінің мәжбүрлі түрде орындалуы сот тәртібімен ғана жүзеге асатын болады.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар қайтарылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі