-A A +A

Мектеп мұғалімдерімен кездесу

27 қарашада  Глубокое  аудандық әділет басқармасының басшысы мобильдік құқықықтық насихаттау  топпен Веселовка және Прииртышье орта мектептерінің ұжымдарында  кездесулер өткізді.

Мобильдік топтың құрамында «Нұр Отан» партиясы Глубокое  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Виктория Бородина, аудандық әділет басқармасының басшысы Роза Адильбаева, аудан әкімдігінің заңгері Фарида Шаяхметова, бас маман  Динара Есимжанова болды. Кездесуде  56  адам болды

Кездесудің мақсаты - ауыл тұрғындарына білікті заңгерлік көмек көрсету.       Виктория Бородина  «Нұр Отан» партиясының құрамын және негізгі  атқарып жатқан жұмыстарымен  таныстырып  өтті.

Роза Адильбаева  «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтарға құқықтық ақпарат алуға, құқықтық консультация алуға, заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда,  өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру түрінде көрсетілетініне кепілдік берілгенін  түсіндірді. Сонымен қатар электрондық  қол таңбаны алу тәртібі және оны пайдалануды айтып, ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңжобасы бойынша дәріс оқыды.

Қатысушылардан  қойылған сұрақтардың басым көпшілігі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, сот актілерді орындау жөнінде,  баланың тууын тіркеу тәртібіне қатысты болды.

Қойылған сұрақтар бойынша құқықтық кеңестер берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі