-A A +A

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы халқына Жолдауы бойынша семинар

Қаңтар айының 11 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында басшының міндетін атқарушы Ермек Қорабаев пен құқық түсіндіру және халыққа заң қызметтерін көрсету бөлімі бірлесе Президент Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы семинар өтті.

Құқық түсіндіру және халыққа заң қызметтерін көрсету бөлімінің инспекторы Ысқақ Асқар мемлекеттің әлемнің ең дамыған отыз елдерінің қатарына кіру мақсаты өте перспективалық өйткені Мемлекет басшысының қойылған міндеттері уақытылы және тиімді екені туралы баяндамамен сөз сөйледі.

Іс-шараның соңында Департамент қызметкерлерімен Жолдаудағы негізгі міндеттерге қатысты көптеген сұрақтар қойылды, баяндамашы қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі