-A A +A

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы бойынша» семинар өткізілді

Қараша айының 13 күні Үржар аудандық әділет басқармасының ғимаратында Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша семинар өткізілді. 

Семинарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Үржар аудандық бөлімінің қызметкерлері, сот орындаушылар және Үржар аудандық әділет басқармасының  мамандары  қатысты.

Семинарда мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидалары мен нормалары қаралып, талқыланды. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге ерекше назар аударылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі