-A A +A

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің Семей қалалық филиалында дөңгелек үстел

6 қазан күні «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Семей қалалық филиалында Әділет басқармасының қызметкерлерімен  «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жүйесі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес - мемлекет саясатының басты міндеті, сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес  әрбір ұйымда, азаматтық қоғам институтында әрқайсының парызы және міндеті екендігі атап өтілді.

Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық күш-жігерін жұмсау керектігін атап өтті, тек сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет азаматтардың, қоғамның және мемлекет мүдделерін тиімді қорғауға қабілетті. Мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың басты өлшемі,  қоғамдық сенімге айналуы тиіс.

ШҚО Әділет департаметінің баспасөз қызметі