-A A +A

Нотариаттық қызметпен айналысу құықығына кезекті аттестация өтті

28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді кезекті аттестациялау өткізілді.

Аттестаттаудан өтуге 7 үміткер тіркелген, оның 5 қатысыты. 2 үміткер  дәлелсіз себептермен қатыспады.

Екі кезеңнен тұратын тестілеу және емтихан билеттері арқылы білімдерін сараптау нәтижесі көрсеткендей, аттестациялық комиссияның шешімі бойынша 1 үміткер аттестациядан өткен болса, 4 үміткер аттестациядан өтпеді.

Жалпы, аттестаттау жұмысы өз деңгейінде өтті, ұйымдастырылуы мен сапасына қатысты арыз-шағымдар түспеді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі