-A A +A

Нотариаттық мәмілелерді тіркеу

13 қарашада Шемонаиха аудандық әділет басқармасымен нотариаттық мәмілелерді  тіркеу және ресімдеу мәселелерін түсіндіру мақсатында семинар -кеңес ұйымдастырылды.    Семинар- кеңеске аудан көлеміндегі жеке нотариустар, аудандық әділет басқармасының қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты - азаматтарға мемлекеттік қызметтерді Заң шеңберінде көрсету.

Аталған басқосуда аудандық әділет басқармасының тіркеуші инспекторы Евгения Пономаренко нотариаттық мәмілелерді  тіркеу мен мемелекеттік тілде ресімдеу мәселелері бойынша сөз сөйледі және жеке нотариустар  Ольга Кутузова заңдық кеңестер берді.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша жеке нотариустармен жасалатын мәмілелерді  ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талабына сәйкестендіру және мәмілелерді жүйелі түрде мемелекеттік тілде ресімдеуге көшіру бойынша шешім қабылданды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз  қызметі