-A A +A

Нотариаттық палатада семинар

Қараша айының 9 күні Шығыс Қазақстан облысы Ноатариаттық палатасында Семей қаласы Әділет басқармасының өкілдерінін қатысуымен Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы», Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңдарының талаптарын қатаң сақталуын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Іс – шараның мақсаты - бас тартуды болдырмау жөніндегі кешенді шараларды қабылдау, бұл жеке және заңды тұлғалардың мәмілелері Заңның талаптарына сәйкес екі тілде жүргізілетінін түсіндіру болып табылды.

Іс – шара барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің басшысы Сауле Галиева  өз сөзінде, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының нормаларын түсіндірді, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері қажет болған жағдайда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріліп, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылатынын атап өтті.

Сондай – ақ, Әділет басқармасының басшысының орынбасары Данияр Жалмуратов, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 1 тармағында көрсетілгендей нотариаттық іс – жүргізу Қазақстан Республикасынң «Тіл туралы» Заңнамасына сәйкес жүргізілетінін атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша, қатысушылармен бірқатар ұсыныстар айтылды және ақпараттарды назарға алуды шешті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі