-A A +A

Нотариустардың қатысуымен өткізілген семинар

 Зайсан аудандық әділет басқармасымен қараша айының 8 күні,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Жер кадастр және жылжымайтын мүлікті  техникалық тексеру» департаментінің Зайсан аудандық бөлімінің мамандарының және  Зайсан ауданының жеке нотариустарының қатысуымен семинар өткізілді. 

    Семинардың мақсаты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмауды насихаттау, нотариаттық мәмілелерді рәсімдеу кезінде ҚР қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы.

    Семинар барысында басқарма басшысы  Елбасы жолдауын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатындағы Әділет басқармасымен атқарылған жұмыстарын, ҚР  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын, сонымен қатар, нотариаттық мәмілелерді рәсімдеген кезде «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының талаптарының орындалуын қадағалауды айтты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауаптарын алып, өз ой пікірлерімен бөлісті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі