-A A +A

«Нұр Отан» партиясы филиалында қоғамдық қабылдау

Қазан айының 5 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті мамандарының және адвокаттардың, нотариустардың, сот орындаушыларының қатысумен «Нұр Отан» облыстық  филиалы партиясында азаматтарды қоғамдық қабылдауы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты халықтың әділет органына деген сенімін арттыру және халықтың құқықтық мәдениетті арттыру, үшін тегін заңды тұрғыда көмек және кеңес беру.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы Марат Бейлханов Қазақстан Республикасы заңнамасы саласындағы жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы туралы, мемлекетттік көрсетілетін қызметтер туралы, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасының нормаларын ақпараттық түсіндіру  жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Кеңес алу үшін жүгінген Өскемен қаласының тұрғындары заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікті тіркеу ( қайта тіркеу ) туралы мәселелері бойынша сондай-ақ жеке еңбек даулары бойынша кеңес алды.

Барлық жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп,  кеңес және түсініктеме берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі