-A A +A

Персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы тағайындалды

Қаңтар айының 10 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің акт залында басшының міндетін атқарушы Ермек Қорабаевпен Персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік басқармасының жаңа басшысы  Бауыржан Оспанов таныстырылды.

Өзінің еңбек жолын Бауыржан Оспанов Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының кадрмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік Департаментінде,  орталық аймақтық көлік прокуратурасында қызмет атқарған. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласының Әуе көлік прокуратурасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі