-A A +A

Семей қалалық Әділет басқармасында өткізілген семинар

Қараша айының 8 күні Семей қалалық Әділет басқармасында басқарма басшысының Жанболат Самашевтың төрағалығымен Семей қаласы №1, №2, №3 филиалдарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының тіл  туралы» Заңның талаптарын сақтау атты тақырыбында семинар өткізілді.

Іс – шараның негізгі мақсаты, бұл жеке және заңды тұлғалардың мәмілелері Заңның талаптарына сәйкес екі тілде жүргізілетінін түсіндіру болып табылды.

Іс – шара барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бөлімінің басшысы Сауле Галиева  өз сөзінде, барлығы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын қатаң сақтауға міндетті екенін түсіндірді және «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері қажет болған жағдайда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріліп, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылатынын атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша, семинар қатысушылары өз пікірлерімен алмасып, мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде туындайтын мәселелерде бірлескен ынтымақтастықты құруды шешті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі