-A A +A

Семей қалалық Әділет басқармасында өткізілген семинар

Қараша айының 13 күні Семей қалалық Әділет басқармасында Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының қызметкері Еркін Акрамов пен Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арман Рымқановтың қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыбында семинар өткізілді.

Іс – шараның – мақсаты діни және саяси экстремизм мен терроризмнің өсуіне қарсы күресу.

Іс – шара барысында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Еркін Акрамов «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты тақырыбында  баяндама жасады. Баяндаманың негізгі мақсаты жарылғыш, иесіз қалған құралдарын анықталған кездедегі іс-әрекеттерді, сондай-ақ, ислам дінінің бағыттарын түсіндіру.

Іс-шараның қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмді алдын–алу және анықтау бойынша пікір алмасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі