-A A +A

Семейде спартакиада

Қараша айының 30 күні Семей қаласының әкімдігінің залында мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық спартакиада қорытындысы шығарылды.

Семей қалалық Әділет басқармасы жүлделі екінші орын иеленгені үшін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов марапаттады.

Бұл спорттық іс-шараның негізгі мақсаты- мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға тарту, сондай-ақ халық арасында бұқаралық спортты насихаттау.

Семей қалалық Әділет басқармасының қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдайды және барлық спорттық шараларға белсенді қатысады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі