-A A +A

Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесу

4 шілдесінде Өскемен қалалық әділет басқармасы Шығыс кентінің халқымен кездесу өткізіп, әділет органдарының функцияларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты диалогтық алаңдарды кеңейту, Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын түсіндіру болып табылады.

Кездесу барысында тұрғындар қойған сұрақтардың негізгісі жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша болды.

Өскемен қалалық әділет басқармасының басшысы Айдын Әмірханов қойылған сұрақтардың барлығына жауап беріп, жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібін түсіндіріп өтті. Тұрғын үйді жекешелендіру, құрылысты жария ету, әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты құзіреттіне енетін сұрақтары бойынша мемлекеттік мекемелерге жүгіну керек екендігі айтылды.

Сонымен қатар электронды түрде тууды тіркеу, мемлекеттік қызмет көрсету түрі және «электрондық үкімет» артықшылықтары бойынша сұрақтарға түсініктер берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі