-A A +A

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырылды

4 желтоқсан күні Катонқарағай аудандық әділет басқармасының қызметкерлдерімен  Үлкен Нарын ауылдық округнің әкімі аппаратының  қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында  семинар сабақ  ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты Қазақстан  Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын  және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы өзекті мәселелерді түсіндіру.

Семинар барысында баяндама жасаған әділет басқармасының басшысы Қайрат Нұрқанов қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі  тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, көптеген мемлекеттерде өзекті болып табылатынын, сыбайлас жемқорлық қоғамдық салаларда саясатта, экономикада, әлеуметтік аяға жағымсыз ықпал ететінін және бұл құбылыстың жағымсыз әсері ұлттық қауіпсіздік мүддесіне қауіп-қатер төндіретінін жеткізді.

Сөз кезегін алған әділет басқармасының бас маманы Алмаз Амангельдинов мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс екенін атап өтті.

Іс-шара соңында мамандармен  талқыланған тақырып шеңберінде  сұрақтар қойылып жауаптар берілді. 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі