-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Желтоқсан айының 5 күні Бесқарағай аудандық әділет басқармасы  құқық қорғау органдары, сот орындаушылар, нотариустар, адвокаттардың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес және оның алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – құқықтық мәдениеттi қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, мемелекеттік органдардың қызметтік процессінің барысында сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік туғызатын жағдайлар мен факторларды болдырмау.

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама талаптары талқыланып, заң бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу бойынша пікір алысу мен тәжірибе алмасу өткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар осы саладағы заңнамаларды түсіндіруді белсенділендіру және осы тектес іс-шараларды жиі өткізіуді шешті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі