-A A +A

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес»

11 қаңтарда Күршім аудандық әділет басқармасында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Күршім аудандық бөлімінің инспекторларының қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өтті.

Семинар әділет басқармасының басшысы Жомарт Сейткановтың бастамашылығымен өткізілді.

Семинардың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,  сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беретін фактілер мен көріністерге жол бермеу. 

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі