-A A +A

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өткізілді

10 қаңтарда Аягөз аудандық әділет басқармасы  Аягөз аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар мақсаты - тұрақтылықты нығайту, сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған саяси жүйені жаңғырту міндеттері.

Семинар барысында басқарманың бас маманы Ұлжан  Абылқаятова бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдісі жариялылық екенін атап өтті. Халық сыбайлас жемқорлық қоғамға қалай кесірін тигізетінін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік қолданылатынын білуі тиіс. Атап айтқанда халықтың осы салада хабардар болуы белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі.

Қатысушылар тақырыптың бүгінгі таңда маңызды екенін атап өтіп, осы тақырыпта өзара пікір алмасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі