-A A +A

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел»

2 қазанда Риддер қалалық әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының қызымет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оған қарсы күрес шараларын қабылдау болып табылады.

Осы іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы Марат Бейлханов  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың кауіпті екенін, олардың әлеуметтік сипатын анықтайтындығын ерекше атап өтті. Сыбайлас жемқорлық қоғамға және қоғам  мүшелеріне саяси, материялдық жане басқада зиян келтіреді .

Іс-шара соңында қатысушылар өз-ара пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қалай күресуге  болатынын жане азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын ынталандырудың маңызды шаралары туралы өз ұстанымдарын білдірді, оған көтермелеу механизмі кірді.

 

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі