-A A +A

Тарбағатай аудандық Әділет басқармасымен «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді

4 желтоқсанда Тарбағатай ауданының Жылжымайтын мүлік орталығының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің ғимаратында Тарбағатай аудандық Әділет басқармасының қызметкерлерімен  «Жылжымайтын мүлікті тіркеу » тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара өту барысында Әділет басқармасының басшысы Ерлік Бақтияров   құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жүргізілмейтіндігін түсіндірді. Өтініш берушінің талабы бойынша тіркеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға жатады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері жойылған кезде құжаттар тіркеуге жалпы тәртіппен беріледі  деп түсініктеме берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі