-A A +A

«Тауар таңбаларын тіркеу. Тауар таңбалары және тауарлар белгілерін заңсыз қолданғаны үшiн жауапкершiлік» тақырыбындағы дөңгелек үстел

10 қаңтар күні Катонқарағай аудандық әділет басқармасының  ұйымдастыруымен «Тауар белгілерін тіркеу. Тауар белгілерін заңсыз пайдаланудан туындайтын жауапкершілік» тақырыбында ауданы орталығы Үлкен Нарын ауылында  кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары мен кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысты.

Жиынды Катонқарағай аудандық әділет басқармасының басшысы Қайрат Нұрқанов ашып, «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын сұрақтарды шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Жиын барысында қатысушылармен тауар белгісін пайдалану шарттары мәселелері  көтеріліп,  әділет басқармасының тарапынан Заңды кеңестер берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі