-A A +A

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Қаңтар айының 10 күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында басшының міндетін атқарушы Ермек Қорабаевпен Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының міндеттері түсіндірілді.

Іс-шараның мақсаты қызметкерлерді Президент Жолдауымен таныстыру және міндеттерді іске асыру жоспарларын талқылау.

Іс-шара барысында Ермек Қорабаевпен Президент Жолдауының «Тиімді мемлекеттік басқару», «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» және мемлекеттік қызмет тиімділігінің толық әлеуетін ашу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күресті жалғастырудың негізгі міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында Департамент қызметкерлері Президент Жолдауының  міндеттерін сапалы жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі