-A A +A

Үржар аудандық әділет басқармасымен «100 нақты қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қаңтар айының 5 күні Үржар  аудандық әділет басқармасымен Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформасының аясында «100 нақты қадам » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Құқықтық насихаттау мен әр қадамды жекелей талқылауға бағытталған  іс-шараға әділет басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Үржар аудандық бөлімінің қызметкерлері мен  Үржар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара барысында әділет басқармасының  басшысы Салтанат Селиханова  өз сөзінде Ұлт жоспары әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, «100 қадам» Жоспарының іске асуы жаңа жобалар мен бастамалар үшін негіз болмақ, сонымен бірге Қазақстанға кем дегенде 100 жаңа дағдылар әкеледі деп айтып кетті.

Дөңгелек үстел  барысында барлық сұрақтарға нақты жауап берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі