-A A +A

Үржар ауданында Әділет органдары қызметкерлері күні атап өтілді

Қазақстанда 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Атаулы күн еліміздің мерекелік күнтізбесінде — 2012 жылы пайда болды. Мереке әділет органдарының өкілдерін біріктіреді. Заңның әрбір әрпі мен рухына қызмет ететіндердің барлығы сөзімен де, ісімен де әділдік жолында күресіп, конституциялық негіздердің дербестігін қамтамасыз етеді.

«Әділет органдары қызметкерлерлерінің күні» мерекесіне орай  27 қыркүйек күні Үржар аудандық әділет басқармасы аудандық  Мәдениет үйінде басқарманың қызметкерлері, сот орындаушылардың, адвокаттар мен нотариустардың, әділет органдары ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Жиынға арнайы шақырылған Үржар ауданының әкімінің аппаратының  басшылары мен аудандағы мекеме басшылары қатысты.

Әділет басқармасының басшысы Салтанат Селиханова мен Үржар ауданының әкімінің орынбасары Серик Садвакасов жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, тәжірибе мен білімнің, жауапкершіліктің арқасында кәсіби тұрғыда табысқа кенелулеріне тілектестігін білдіріп, әділет органдарының дамуына зор үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлерге марапаттау қағаздарын тапсырды. Мерекеге келген ардагерлерге гүл шоқтары мен естелікке сыйлықтар табыс етілді.

         Салтанатты жиын  аудандық Мәдениет үйінің әртістері мен Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының  мүмкіндігі шектеулі балалалардың дайындаған ән-күйімен жалғасты.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі