-A A +A

Видео байланыс арқылы кездесу

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Стратегиялық жоспарлау департаментінің Жұртшылықпен байланыс басқармасының ұйымдастыруымен 4 шілдеде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жандандыру мақсатында  видео байланыс арқылы жұмыс отырысы өткізілді.

Видео байланыс отырысына Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт, құқықтық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланып, Әділет органдарының беделін көтеру және жағымсыз факторлардың алдын алу  мақсатындағы іс-шаралар қаралды.

Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Олжас Данабеков видео байланыс арқылы елдің басқа аймақтарының басшылары мен қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

 ШҚО Әділет басқармасының баспасөз қызметі