-A A +A

Заң талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Желтоқсан айының 4 күні Бесқарағай аудандық әділет басқармасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының білікті заң көмегін алу тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге басқарма басшысы Гүлмира Мирашева, нотариус Татьяна Посыпайко, адвокат Манап Турлыбеков, Кәсіпкерлік палатасының басшысы Бақпер Жакиянов және «Дос», «КазБек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қатысты,

Дөңгелек үстелдің мақсаты кәсіпкерлердің  құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын  қолданыстағы заңдылықтарға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.   

Отырыс барысында, жеке кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекетіміздің негізгі бағыттары, оның ішінде  шағын  кәсіпкерлік субьектілерін кәсіби  өсуіне жәрдемдесу мәселелері кеңінен түсіндіріліп, ұтымды ой пікірлер айтылды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі