-A A +A

Заң жобасы түсіндірілді

Қазан айының 3 күні Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсембек Әл-Сейіт Зайсан аудандық әділет басқармасында басқарма қызметкерлерімен адвокаттардың, нотариустардың және жеке сот орындаушыларының қатысуымен кездесу өткізді.

 Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және Заң көмегін көрсету  туралы» Заң жобасын, ҚР заң көмегі сұрақтары бойынша «Қазақстан  Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Заң көмегі туралы» жоба тұжырымдамасын, Ұлт жоспары - «100 Нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасының 27 тармағы  бойынша   жеке сот орындаушылар Институтын  дамыту  туралы  түсіндіру  жұмыстарын жүргізді.

Бейсембек Әл-Сейіт қатысушыларды  жаңа  заң жобасымен таныстыра келе заң  адвокаттардың құқықтары  мен мәртебесін көтеруді көздейтінін, сонымен қатар, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу  мәселелерін  қамтитынын түсіндірді.

         Кездесу барысында қатысушылармен сұрақтар қойылып, оларға басшы орынбасарымен жауаптар берілді.

ШҚО Әділет департаментінң баспасөз қызметі