-A A +A

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

10 қаңтарда  Катонқарағай аудандық әділет басқармасының ұйымдастырумен  Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан позициясын одан әрі көтеруге бағытталған іс-шараларды,  «Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, «Электронды Үкімет» арқылы жүгіну тәртібін түсіндіру мақсатында аудан әкімі аппаратының  мемлекеттік құқықтық бөлімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, аудандық жастар орталығы қызметкерлерімен  және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Катонқарағай аудандық бөлімі инспекторларының қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.

Семинар- кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық әділет басқармасының басшысы   Қайрат Нұрқанов,  инспектор Зарина Шарипова баяндамалар жасады. 

Семинар барысында азаматтардың өз кәсіптерін ашу мәселесі, тапсырылатын құжаттар саны мен мемлекеттік тіркеу мерзімін азайту, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді мемлекеттік тіркеуді реттейтін заңнама актілеріндегі өзгерістер негізінде атқарылып жатқан жұмыстар  қатысушылармен талқыланды. Өзекті мәселелерді шешу мақсатында тиісті  шешім қабылданды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі