-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша семинар

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2017 жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша қалалық-аудандық Әділет басқармаларының және АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» маманын тарта отырып, Әділет департаментінде 4 шілдесінде семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша проблемалық сұрақтар және заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар болып табылады.

        Семинар барысында бөлім басшысы Сержан Мұхамеджанов, бөлімнің жаңа мамандарымен таныстырып, заңды тұлғаларды тіркеудегі өзгерістер және қиындық туғызатын мәселелер туралы айтып өтті.

        Сержан Мұхамеджанов заңды тұлғаларды тіркеу сұрақтары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алдағы уақытта тексерілуі және оларды бақылауға алу туралы және Халыққа қызмет көрсету орталығынан келіп түсетін өтінімдер туралы түсіндірді.

        Басқарма қызметкерлері сұрақтар қойып, жұмыс барысында туындайтын қиыншылықтар мен мәселелер қарастырылып, оны шешу мәселелері талқыланды.

         Семинардың төрағасы – Әділет департаменті басшысының орынбасары Ермек Қорабаев аймақтық әділет органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жұмыстары бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталып, семинарды қорытындылады.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі