-A A +A

Заңнама және сот-құқықтық реформасы бойынша отырысы

Қыркүйек айының 29 күні Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғимаратында  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің заңнама  және сот-құқықтық реформасы бойынша Комитеттің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалағымен кеңейтілген отырыс өтті.

Кеңейтілген отырысқа Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті, Шығыс Қазақстан облысының судьялары, құқық қорғау органдары, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері, бірқатар мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, басқа да бизнес қауымдастығының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

         Үкіметтің 2017 жылдың заң шығару жұмысы Жоспарының 10-бөлігін орындау аясында, депутаттар қатысушыларға бүгінгі күні қаралып жатқан  Қазақстан Республиксының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі және қолданыстағы басқа да бірқатар заңнамаларға еңгізілмеген өзгерістердің жобалары туралы айтып берді.

Кеңейтілген отырыста депуттар бірқатар мемлекеттік органдардың оның ішінде Әділет Министрлігі,  облыстық соттың судьялары, Бас прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі, Республикалық адвокаттар алқасы, және сот орындаушыларының ҚР ӘҚБтК-тің құқық қолдану туралы ақпараттарын тыңдады.

Мемлекет Басышысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын орындау мақсатында әзірленген заң жобасы әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, әкімшілік-процестік нормаларды жүйеге келтіруге, жекелеген әкімшілік –құқықтық және процестік институтарды жетілдіруге бағытталған.

 Әкімшілік-деликтілік заңнаманы ізгілендіру шеңберінде әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін төмендету, алдын алу институтын қолдануды кеңейту, жазалау түрлерін оларды ізгілендіру жағынан қайта қарау, қысқартылған іс жүргізуді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ, айыппұл сомасы жалпы сомадан 30 % шегінде қысқартылуы мүмкін субъектілер, соның ішінде  заңды тұлғалар, тізбесін кеңейту ұсынылды.

Заң жобасы адамның құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің әкімшілік құқық бұзушылықтардан қорғалу дәрежесінің сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. 

Кездесудің соңында ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасын жақсартуға және оңтайландыруға қатысты ұсыныстарын ұсынды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі