-A A +A

Жаңа заң жобасын түсіндіру бойынша брифинг өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің акт залында басшының орынбасары Ермек Корабаев, Асель Шойбековна, құқық түсіндіру және заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Сауле Исаева және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы, «Рудный Алтай», «Дидар», «Мой город», «Алдаспан», «Устинка плюс» газетімен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Ермек Корабаевпен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасы бойынша түсініктемелер берілді.

Өз сөзінде Ермек Қорабаев Заң жобасында заң қызметінің  сапасын  жоғарлату мен қолжетімділігін арттыру, адвокатура институтын нығайту, оның ішінде адвокаттарға қойылатын талаптарды жоғарлату, адвокаттардың кәсіби қызметіне сақтандыру жүйесін енгізу, барлық заң қызметтері кешендерін реттеу, заң қызмті институтын "pro bono" принциптерімен кеңейту, жекелеген азаматтардың санаттарына оларды тегін негізде көрсетуді

көздейді. Сондай-ақ, басшының орынбасарымен Әділет министрлігі ең үздік әлемдік тәжірибесін назарға ала отырып заң жобасы бірінші кезекте азаматтарға қолжетімді және сапалы заң көмегімен қамтамасыз ету және адвокатура институтының дамуын атап өтті.

Брифингтың соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен заң жобасы бойынша сұрақтар қойылып, оларға басшының орынбасарымен түсініктеме берілді.

ШҚО Әділет Департаментінің баспасөз қызметі