-A A +A

ЖБҚИ: 30 дамыған мемлекетттің қатарына кіру жолында

13 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Бородулиха аудандық бөлімінде  Бородулиха ауданы Әділет басқармасымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне бекітілген Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индикаторларын жақсарту бойынша дәріс өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның кіріуін қамтамасыз ету үшін бағытталғын елдің экономикалық дамуына, міндеттердің орындалуына құрылған шаралар туралы түсіндіру жүргізілді.

Өз сөзінде Әділет басқармасының басшысы, отыз дамыған елдің қатарына кіру үшін тек аумақтық органдардың қатысуымен ғана емес сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдардың жұмыла жұмыс жасауы арқылы, нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айтып өтті.

Жалпы алғанда, пікірталас көрермендер арасында үлкен қызығушылық туғызды және сындарлы диалог түрінде өтті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі