-A A +A

Жиналыс өткізілді

8 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында Департамент басшысы Ерлан Дауылбаевтың төрағалық етуімен жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы басқармасының төрағасы Сергей Лидің және Өскемен қаласындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майра Екибасованың қатысуымен жиналыс өткізілді.

Сонымен қатар жиналыста Шығыс Қазақстан облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушылары қатысты.

Жиналыс жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының ағымдағы жылдың өткен 9 айында атқарған жұмысын талқылау және жеке сот орындаушылар институтын ары қарай дамыту мақсаттарында өткізілді.

Әділет департаменті басшысы Е. Дауылбаевпен және жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы басқармасының төрағасы С. Лимен баяндамалар оқылды.

Жиналыстың барысында жеке сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты арыздарында көрсетілген мәселелер талқыланды, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» Заңына өзгерістер еңгізу бойынша ұсыныстар қарастырылды және Шығыс Қазақстан облысы атқарушылық аумағының жеке сот орындаушыларының атқарған жұмыстары бойынша талдау жасалды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі