-A A +A

Жолдауды түсіндіру

11 қаңтар күні Зайсан аудандық әділет басқармасында  басшы Айгүл Кенжебаевамен Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған Жолдауы түсіндірілді.

Мақсаты -  Президенттің жаңа Жолдауымен мамандарды таныстыру.      

Шара барысында Айгүл Кенжебаева Президент Жолдауының 10 негізгі міндеттерімен таныстыра келе, Жолдаудың сегізінші,  тоғызыншы бағыттары бойынша  құқық қорғау органдарының қызметін ізгілендіру, мемлекеттік органдардағы процестерді оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасты  цифрландыру маңызды болып саналатынына  ерекше тоқталып өтті.

Басқарма мамандары Жолдауды  бірауыздан қолдап, алда тұрған міндеттер туралы ой бөлісті.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі