-A A +A

Зияткерлік меншік деген не?

9 қаңтарда Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мақсатында, Глубокое аудандық әділет басқармасының басшысы Роза Әділбаева Белоусовка орта мектебінің мұғалімдері арасында, «Интеллектуалды меншік дегеніміз не?» тақырыбында  семинар өткізді. 

Кездесу барысында әділет басқармасының басшысы біріншіден, зияткерлік меншік адамның ой-санасы, қиялы  арқылы қалыптасқаны, екіншіден бұл мүліктік құқық, яғни өз жұмысын өз қалауы бойынша иеліктен шығару, оның ішінде оны пайдалану үшін сыйақы алу құқығы бар.

Сондай-ақ, авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылатынын түсіндірді.

Семинар барысында мұғалімдер «қарақшылықтың» экономикаға теріс әсерін тигізеді  деп талқылады және авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуға төзімсіз көзқарас білдірді.

Семинар соңында Роза Әділбаева авторлық құқық объектілеріне қатысты барлық сұрақтарға жауаптар берді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі