-A A +A

Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау

10 қарашада Бесқарағай аудандық әділет басқармасында «СемСат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Лана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпкерлерінің қатысуымен  «Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өтті.

Өткізілген іс-шараның мақсаты шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, тауар белгісін  қолдануда және жеке меншік тауар белгісін немесе брэнтін тіркеу және айналымға енгізуде көмек көрсету үшін, зияткерлік меншік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру.

Әділет басқармасының басшысы Гүлмира Мирашева  зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларының негізгі түсініктеріне тоқталып, зияткерлік меншіктің мүліктік және мүліктік емес құқықтары жайында, тауар белгісінің құқықтық бұзушылықтар түрлері жайында, тауар белгісін пайдалану, басқа тауар белгісін пайдалану кезінде құқығын бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілік жайында түсініктер берді.

Семинарға қатысушылар зияткерлік меншік объектілерін камтитын, авторлық және сабақтас құқықтарды бұзатын немесе бөгде тауарлық белгіні заңсыз пайдалана отырып дайындалған тауарларды сатуға жол бермеу мақсатында іс-шараларды кеңінен жүргізуді ұсынды.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі