-A A +A

Зырян аудандық Әділет басқармасымен жастармен кездесу өткізілді

Қараша айының  8 күні Зырян аудандық Әділет басқармасы және кәсіпкерлер палатасы, қорғаушы, «Жастар ресурстық ортылығы» КММ қызметкерлерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні, Тәуелсіздік күні жастарға кеңес беру мақсатында өткізілді.

Президент күні – Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан мемлекетінің құрылу жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың орыны ерекше. Ол Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, көркеюіне және құқықтық егеменді, әлеуметтік ел болып қалыптасуына ықпалы зор болдығы туралы инспекторы Раджан Бельгибаев айтып өтті.

Әділет басқарманың басшысы Мейрлен Кайратов жастарға конституционалдық реформалардың уақытылы енгізіліп отырғаны туралы, Елбасының халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда белгіленген бес басымдықтың маңыздылығын айтып өтті. Халықтың қолдауы мемлекет экономикасын жаһандық өзгерістерге сай жақсартуға маңызды, себебі олар ұрпаққа  болашақта бақытты өмір сүруге жол береді. Сондай-ақ, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобаларының тұжырымдамаларына түсіндірме беріп, баяндама оқыды.

Іс-шара барысында Зырян аудандық Әділет басқармасының қызметкерлері жастардың сұрақтарына толығымен жауап қайтарылып, кеңестер берілді.

ШҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі