-A A +A

Департамент құрылымы

Басшының орынбасарлары

Әл-Сейіт Бейсембек Қанайбекұлы – Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары.  

1 қаңтар 1963 жылы Талдықорған облысы, Бүрлітөбе ауданы, Лепсі станциясында дүниеге келген.

5 сәуір 1981 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылған.   Қызметін Ауғанстан Республикасында өткізді.

1983-1989 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқыды.

Еңбек жолын 1989 жылы прокуратура органдарынан бастады. Семей қалалық сотында судья болып, нотариус, адвокат, Семей қаласының әділет басқармасының әділет басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 1995 жылдың қазан айынан әділет органдарында жұмыс жасауда.

2015 жылдың 10 тамызынан Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары ретінде тағайындалды.

Бірнеше үкіметтік марапаттарға ие: «Ауған соғысының ардагері» естелік медалі, «За отвагу», «Воину - интернационалисту от благодарного Афганского народа» медалі, «70 лет Вооруженных сил СССР»,  «За отличие в труде» ЦК ВЛКСМ белгісі, «Ауғаныстан Республикасынан кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл толуына» ескерткіш медалі,  23.02.2009ж. «20 жыл» ескерткіш медалі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табанов Галым Ардахұлы  - Шығыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары.

1983 жылдың 23 маусымында   Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің инженер-техник мамандығы бойынша, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің әскери кафедрасын тәмәмдады, запастағы лейтенант.

2010 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетінде заңгер мамандығын тәмәмдады.

2007 жылы Қазақстан теңге сарайында қызмет атқарды.

2008 жылы «Дарын» Мәдениет үйі» МКҚК жұмыс істеді.

2009 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың қараша айы аралығында әділет органдарында қызмет атқарды.

2016 жылдың 14 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

 

 

Корабаев Ермек Ерланович - Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

09.12.1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген.

2005 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ заң факультетін тәмамдаған.

2002 –2016жж. Әділет органдарында қызметін атқарды.

30.11.2016 жылдан бастап, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қsзметінде.

 

 

 

 

 

Досыбаева  Асель  Шойбековна – Шығыс Қазақстан әділет департаменті басшысының орынбасары.

19 шілде 1982 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білмі - жоғары.

2003 жылы - РФ Е және ӘДМ Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдады.

2003 жылдың шілде айынан бастап "Шығыс таңы" ЖШС заңгер болып жұмыс атқарды.

2004-2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде қызмет атқарды.

2013 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу және техникалық түгендеуді бақылау басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

2014 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету департаменті нормативтік қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеуді және техникалық түгендеуді бақылау басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 4 шілдесінде  Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Басқарма басшы

 

 

Курмангалиев Нуржан Кайратович - Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің  атқару өндірісін есепке  алу және бакылау басқармасының басшысы.                                                                                                           1985 жылдың 4 мамыр айында ШҚО Семей қаласында туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.                                                                                                   2007 жылы Семей педагогикалық институтының дене шынықтыру факултетін, 2010 жылы М.О.Ауезов атындағы Семей педагогикалық институтында   заңгер мамандығы бойынша тамамдады.                               2007 жылыдан 2010 жыл аралығында «Бастион» жеке мекеме» ЖШС қызмет атқарды.                                                                                                                    2010 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың желтоқсан айы аралығында «Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде заңгер болып қызмет атқарды.                                                                               2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылғы сәуір аралығында ШҚО қаржы инспекциясы экономикалық қылмыс бойынша жемқорлықпен күрес департаментінде инспектор болып қызмет атқарды.

2013 жылдың сәуірінен 2013 жылғы маусым аралығында «Денешынықтыру және спор және сауықтыру қосымша білім орталығы» КММ бас маман болып қызмет атқарды.  

2013 жылдың шілде айынан 2013 жылдың тамыз аралығында «Қайнар» колледжінің кадр бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.                          2013 жылғы қазаннан бастап әділет органдарында  қызмет атқарды.              

2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап  қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің  атқару өндірісін есепке  алу және бакылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Бөлім басшылары
   

 

 

 

 

Нуртазина Айжан Калибековна – Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

18 маусым 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавловск қаласында дүниеге келген.

2011 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің құқықтану мамандығын бітірді.

2005 жылдың шілде айынан 2008 жыл аралығында облыстың әділет органдарында қызмет атқарды.

2008 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың наурыз айы аралығында Күршім ауданының АЭЖ Оңтүстік өңірі «ШҚ АЭК» АҚ эскизден қуат желілерінде электромонтер болып жұмыс істеді.

2009 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін әділет органдарында қызмет атқаруда.

2014 жылдың қарашасынан Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы ретінде тағайындалған.

 

 

Мухамеджанов Сержан Каирлыулы

 

Мұхамеджанов Сержан Қайырлыұлы - Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

1987 жылдың 22 қаңтар айында Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

2008 жылдың сәуір айынан бастап, қазігі таңға дейін ШҚО әділет органдарында қызмет атқарады.

2012 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Үздік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің, департамент басшысының  грамоталарымен марапатталған.

 

Акшалова Бахытжол Абдрасуловна – Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы.

29.12.1958 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Покровка ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары.
1981 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын,                    2005 жылы -  Еңбек және әлеуметтік қатынастар Қазақ академиясын бітірді.

1985 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың маусымы аралығында азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында жұмыс атқарды.

2007 жылдың маусымынан 2014 жылдың қарашасы аралығында ШҚО Әділет департаментінің ұйымдастыру - бақылау және кадр жұмысы бөлімінде жұмыс атқарды.

2014 жылдың қараша айынан ШҚО әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы ретінде тағайындалды.

Мінсіз атқарған жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және департаментінің басшылығының мақтай қағаздарымен марапатталды.
«I дәрежелі заңгер» және «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгілер иегері.

 

Сабалакова Гульжан Толеубековна

 

Сабалақова Гүлжан Төлеубекқызы - Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

1980 жылдың  4 сәуірінде Семей облысы, Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

2003 жылы Талдықорған заң техникумын, 2006 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылдың желтоқсанынан бастап «Жарма ауданының әкімі аппаратында» операто болып тағайындалды.

2007 жылдың маусымынан бастап, қазіргі таңға дейін ШҚО Әділет департаментінде қызмет атқарады.

2013 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

ҚР Әділет министрлігінің, департамент басшылығының мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Исаева Сауле Жанұзаққызы - Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңдық көмек көрсету бөлімінің басшысы.

1971 жылы ШҚО Катон-Қарағай ауданының Кішінарым аулында дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

2005 жылы Шығыс қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылдың қараша айынан  1992 жылдың наурызы аралығында Үлкеннарым ауданындағы Солоновка ауылында Жданов атындағы ұжымшарда жұмыс істеді.

1992 жылдың сәуірі мен 1998 жылдың сәуірі аралығында МПМК-15 бухгалтері қызметін атқарды.

1998 жылдың сәуірі мен 2005 жылдың шілдесі аралығында Катон-Қарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қызмет етті.

2005 жылдың шілдесінен бастап, қазігі таңға шейін ШҚО Әділет органында қызмет атқарады.

2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңдық көмек көрсету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Мінсіз атқарылған қызметі үшін ҚР Әділет министрлігінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңдық көмек көрсету комитетінің төрағасы және департамент басшылығының мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

 

Қырықпаева Әлия Кушкинбайқызы - Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерн тіркеу және апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы, Өскемен  кеңшарында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1985-1989 жж. білім беру жүйесінде қызмет атқарды.

1989-1998 жж Өскемен қалалық әкімшілігінің инструкторы, кейін АХАЖ бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

1998 жылдан бастап, қазіргі таңда  Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерн тіркеу және апостильдеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметінде.

Мінсіз атқарылған жұмысы үшін ҚР Әділет министрлігінің, облыс әкімі және департамент басшылығының мақтау қағазымен марапатталған.  «I дәрежелі заңгер» ведомстволық төсбелгісі, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалі және ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған медальдардың иегері.

 

 

Раева Айман Кобетаевна – Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің қаржы және материалдық техникалық  бөлімінің басшысы.

1968 жылы дүниеге келген, Семей облысы, Жарма ауданы, Кезенсу ауылының тумасы, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1993 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының бухгалтелік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау мамандығын бітірді.

1993 -1997 жылдар аралығында Семей қаласындағы «Ақжол» АҚ жеке өндірісінде бухгалтер болып қызмет атқарды.

2003 -2006 жылдар аралығында «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» бухгалтері.

2006 - 2009 жылдар аралығында Өскемен қаласының «ШҚО Сот әкімшілігі» ММ жетекші маманы.

2009 -2013 жылдар аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» ММ бухгалтерия және есептік бөлімнің бас маманы.

2013 -2014 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы салық департаментінің бухгалтериялық есептік және мемлекеттік сатып алу бөлімнің бас маманы.

2014-2016 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде  бухгалтерлік  есеп бөлімнің бас маманы.

2016 жылдың 1 тамызынан бастап  қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде  қаржы және материалдық техникалық  бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

 

 

Серік Арман Серкұлы - Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

1983 жылдың 22 сәуір айында ШҚО Өскемен қаласында туылған.

2005 жылы Мәскеу мемлекеттік экономикалық, статистика және инфарматика  университетін заңгер мамандығы бойынша тамандады.

2006 жылдын 20 қаңтардан – 2016 жылдың қарашаға дейін Глубокое ауданы «Киров ауылдық округі» ММ әкімінің апаратында жұмыс істеді.

2006 жылдың 30 қарашадан 2011 жылғы наурыз аралығында Глубокое аудандық әділет басқармасында істеді.

2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың ақпан аралығында «Интернет Консалтинг Азия орталығы» директорының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2012 жылдың ақпанынан сәуір аралығында Өскемен қаласы білім беру басқармасында жүргізуші маман болып жұмыс істеді.

2012 жылдың шілде айынан 2017 жылғы ақпан аралығында Әділет органдарында қызметін атқарды.

2017 жылдың ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

 

 

 

Муратова Нургуль Каиргазиновна  – Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқару өндірісін есепке  алу және бакылау бөлімінің басшысы.

1968 жылдың  26 маусымда Семей облысы, Жарма ауданының Первомайка ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1991 жылы Өскемен қаласының педогогикалық институтын бітірді.

1991 жылдың тамызынан 1993 жылғы қыркүйек аралығында Өскемен қаласының №16 орта мектепте мұғалім болып істеді.

1993 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қарашасы аралығында ШҚО атқару өндірісі жүйесінде қызмет атқырды.

2015 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқару өндірісін есепке  алу және бакылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.