-A A +A

Басшылық

Дауылбаев Ерлан Сламханович – Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы.

Телефон нөмірі– 8 /7232/704046

Дауылбаев Ерлан Сламханович – 1977 жылдың 8 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітіріп, заңгер біліктілігін иеленді.

Еңбек жолын 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында жетекші маман лауазымынан бастады.

1999 жылдан 2004 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында бас маман қызметін атқарды.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап шілде айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

2004 жылдың шілде айынан 2005 жылдың наурыз айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Сайрам аудандық Әділет басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарды.

2005 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың қыркүйек айы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Сайрам аудандық Әділет басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2010 жылдың қыркүйек айынан 2011 жылғы шілде айы аралығында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың маусым айы аралығында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің жауапты хатшысы Д.Айтмухаметовтың 2017 жылдың 6 маусымы күнгі №110ж бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған.