-A A +A

Талдау ақпараты

Аумақтық тіркеуші органдардың 2016 жылғы және 2017 жылдың 5 айындағы азаматтық хал актілерін тіркеу бағытының, электронды қызмет көрсету бойынша жұмыстарына талдау

Ел басы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның алдағы он жылдықта ары қарай дамуының  негізгі бағыттарының бірі ретінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру қажеттігін айтты. Оны іске асырудың бірден бір жолы қызмет көрсетуді электронды түрде көрсету болып табылады.  Сондықтан барлық мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі электронды қызмет болып табылады, сонымен қатар АХАТ органдарының да.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарға, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғандағы ақпарат

2017 жылдың 1 тоқсанында аумақтық әділет органдарымен 26 061 (2016ж. 1 тоқсаны-27 241) жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары тіркелген,  өткен жылмен салыстырғанда 4,4%  кем.

         Электронды форматта тіркелген тіркеу саны – 6 063 (2016ж. 1 тоқсаны-4 521), өткен жылмен салыстырғанда 25,5% артық.

2017 жылы 1 тоқсанында АХАТ органдарының жұмыстарының қорытындысы

2017 жылдың 1 тоқсанында әділет департаментімен жергілікті атқарушы органдарымен АХАТ органдарының жұмыстарының жалпы сұрақтары бойынша бірлескен үйлестіру жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсетуде, азаматтық хал актілерін тіркеуде заңдылықтың сақталуына бақылау жасау бойынша жұмыстар жалғасын тапты. АХАТ және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мамандарымен 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша талдау әзірленді, мұрағат қорының жағдайы қорытындылап-талданды, күрделі істер бойынша талдау әзірленді, АХАЖ ТП АЖ-не мониторинг жасалды.

Қайтыс болуды тіркеу

АХАТ органдарында қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат, сонымен қатар қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының 26.12.2011ж. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексімен куәлік айғақ бойынша қайтыс болуды тіркеу алынып тасталған. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша немесе ол қайтыс  болған жер бойынша тіркеуші органда жүргізеді.

2016 жылдың 9 айында зияткерлік меншік құқықтары бағытында жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысының әділет органдарымен зияткерлік меншік құқығын қорғау бағытында 9 тексеру жүргізіліп, 8 құқықбұзушылық анықталды.  Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 158 бабы бойынша 8 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. А. Бакқтыбаева қатысты бір іс (Аягөз ауд. ӘБ) құқықбұзушылық белгілері болмауы себепті тоқталылды. Бір іс (В. Юревке қатысты) Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінен түсті.

2016 жылғы 6 айда жеке сот орындаушыларының жұмысы бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2015 жылғы 6 айда 46 жеке сот орындаушылары жұмыс атқарды, 2016 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 83 жеке сот орындаушы тіркелген.

Жеке сот орындаушылардың қызметімен барлық 13 аудан қамтылған,  2 аудан бойынша (Күршім және Курчатов) орындау құжаттары аз түсетіндіктен,  аталған аудандардың орналасуына байланысты жеке сот орындаушылар өз қызметтерін Өскемен және Семей қалаларындағы жеке сот орындаушылар жүзеге асырады.

2016 жылдың 6 айын өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғандағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша ақпарат

Өткен жыл мерзімінде аумақтық әділет органдарымен 56 680 жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары тіркелген,  өткен жылға қарағанда 6%  кем (2015ж.-60 367).

Бас тарту-796 (2015ж.-474) оның ішінде - 101 электронды тіркеу бойынша, атап айтсақ  осы бағытта 40,4% жоғарлады, тоқтата тұру-353 (2015ж.-140), 60% -өсті. Ең көп анықталған бас тартулар Семей қаласының әділет басқармасы болып шықты.

Сонымен, Өскемен қаласының ӘБ  2016 жылға 419 бас тарту (бас тартудың жалпы саны ішінде 60,2%) БНАЖ арқылы 40 (2015ж – 248,  26-БНАЖ  40,8%  бас тарту санының өскені байқалды).

ШҚО Әділет департаменті құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің 2016 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс талдауы

Құқықтық түсіндіру жұмысы

Әділет департаменті, басқармалар және аумақтық бөлімдермен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында құқықтық түсіндіру бойынша барлығы 1866 іс-шара өткізілген, 2015 жылы осындай кезеңде 1261 іс-шара .

Өткізілген іс-шаралар саны өткен жылмен салыстырганда 29,5 % өсті.                                              

Шығыс Қазақстан облысы әдiлет Департаментімен 2016 жылдың 1 жартыжылдығында жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу бойынша атқарылған жұмысы туралы Ақпарат

2016  жылдың  1 жартыжылдығында нормативтік құқықтық актілерді  (бұдан әрі - НҚА) тіркеу жұмысы жөніндегі мәліметтер төмендегі болады:

         НҚА мемлекеттік  тіркеу  бойынша:

         - 371 акті  тіркеуге түсті;

         - 292  НҚА тіркелді;

         - 25 акті тіркеуден бас тартылды, (соның ішінде: жоғары деңгейдегі НҚА қайшы келетін - 16 акті; нормативтік құқықтық актіні қабылдаған органның құзыретіне  жатпайтын – 7 акті; НҚА мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген тәртіпті бұзуымен қабылданған - 2 акті;);

А Қ П А Р А Т ШҚО Әділет департаментінің персоналмен жұмыс жөніндегі 2016 жылдың 1-жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстары туралы

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны  - 247 (2015ж.-247) бірлікті құрайды, оның ішінде: аппарат бойынша-52  бірлік; аудандық (қалалық)  әділет басқармаларында-65 бірлік (барлығы 19 басқарма), сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімде-130 (филиалдар саны-32).

Беттер