-A A +A

Бейнемұрағат

Мемлекеттік органдар арасында волейбол бойынша турнир өткізілді

Ағымдағы жылдың 17 – 18 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдар арасында өткізілген волейбол бойынша турнирға Әділет департаментінің қызметкерлері де белсенді қатысты. Жарыс Мемлекеттік қызметші күніне және «Астана EXPO-2017» Бүкіләлемдік көрмесіне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен ұйымдастырылды.

Қаланың Дене шынықтыру сауықтыру кешені, одан Жекпе-жек орталығының алаңында тәжірибелі ойыншылар және волейбол әуесқойлары кездесті.

Наурыз мейрамы тойланды

2017 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде «Наурыз» мейрамы қарсаңында, Қазақстанның бірлігі мен келісімін нығайту үшін, жалпы ұлттық сананы және мәдени - рухани құндылықтарды қалыптастыруға арналған шара өткзілді.

Мерекелк шара барысында Әділет департаментінің қызметкерлері арасында 6 ауыл құрылды, «Біржан сал», «Шәкәрім», «Қ.Қайсенов», «Абай», «Жамбыл», «Барақ батыр» ауылдарына бөлінді.

Шығармашылық кеш

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Әділет департаментімен 50 жылдардың үлгісінде департамент қызметкерлерінің «Ворошилов көшесінде көктем» атты тақырыпта спектакль қойылымымен шығармашылық кеш өткізілді.

Әділет департаментімен «Көңілді старт» өткізілді

2017 жылғы 2 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен «8 наурыз» халықаралық әйелдер күніне орай «Көңілді старт» спорттық іс-шарасы өткізілді.

Әділет департаменті аппараты арасындағы 10 бөлім қатысып, олардан 5 топ құрылды.

Іс-шара «Ольга Рыпакованың» жеңілатлетика орталығында өтті.

Қонақ ретінде қазақстандық жеңіл атлетикші Лондондағы Олимпиядалық жеңілатлетика  ойын чемпионы  Пекин мен және Рио-де-Жанейро үш рет секіруден екі дүркін  қола жүлдегері  Ольга Сергеевна Рыпакова шақырылды.